Posted in

ЖЕР ОШАҚ ҚОҢЫРСЫТУ

Ырым. ~ Жылын өткізетін күні арнаулы ошақ қазып, қазан асып, бір тұяқ қой және тұлданған атын алып келіп құран оқытады. Қойды алдымен сойып қазанға асып, пісіріп жәрдемге келген жамағат аят оқып алдымен ауыз тиеді. Ошақ қазған кісіге жол-жора беріледі. Міне мұны жер ошақ қоңырсыту деп атаймыз. Уикип. ~ Алғашқы күні жер ошақ қоңырсыту ырымы жасалып, төрт-бес еркек қойдың құйрығы қазанға шыжғырылып, жерошақтарға құйдырылды. Ж.Шәк.