Барынан айрылды, құр алақан қалды. ~ Иректеліп ағатын су жағасын шолған жүйрік назары сол маңды түк
қалтырмай сүзіп шықты. Жоқ. Қайталап қанша қараса да, керегін кездестіре алмай, жер сипап қалды. С.Үс. ~ Гүлнұр өзі біліп келсе келді, келмесе осылай жер сипап қалғаның. Жалғыз ағамның халі нешік деп, үйге жиі-жиі келіп тұруды білмейді. Н.Сам. ~ «Сендерге қайбір қамшы ойнатқым келеді дейсіңдер. Босап, бордай үгіле берсек, қиюы кетуге шақ қалып тұрған тіршілігіміз көзді ашып-жұмғанша тоз-тоз болып, ертең оралған ер-азамат жер сипап қалмай ма. Қайбір етіскеннен… Қайбір жетіскеннен екі тақымымды ерге қажап қызыл ала етіп жүрмін» дейді. Н.Дәу. ~ ~ Бұл қаза бұған да батқан-ау, шамасы. Қайтсін, құмардан шыға алмай қалды. Әлі үйреніп үлгермеген әні де көп еді. Ол қалай өкіндірмесін? Жаңа табысқанда мәңгі айырылып, жер сипалап құралақан қалғаны қандай қиын. Өкініштің жалыны ішін өртейді… Қ.Тол.
