Есесінен айрылды, алданды, өкініш өзегін өртеді. ~ «Ең болмаса ер-тоқым салып үстіне де шықпадым. Шіркін-ай, мынау қара құрттай қайнаған жәрмеңке маңының қай жерінен қарап табамын» деп жер соқтым. С.Бег. ~ Дәл бүгін түнде Айбаланы алып қашпасаң жер соқтым дей бер. Қашан айттың деме айтқанымды орындамаған адамды мен де оңдырмаймын! Б.Тоғ. ~ Жеңге, Оралбекті бекер қалдырдыңыз-ау, — деді Қапез қалжыңдап. — Қыз көреміз деп мәз болып келгенде, қыз екен деп, сізді біреу алып қашып кетсе, Тәкең екеуміз жер соғып қап жүрмейік. Б.Нұрж. ~ Қалтасы қалыңдаған бір кезде болыстыққа таласып, қыруар малды желге шашып, ақырында жер соғып қалған. Ә.Нұрп. ~ Жолаушылар үйден ұзай бере, Айшаханның арақкеш қос қоңыры Қожахан мен Қожабек масаңдау келіп, Қанаттың құлыптап кеткен үйінің есігін қағып, жер соғып қалды. Т.Рыс.
