Posted in

ЖЕР ТАРПЫДЫ

Тыпыршып, маза таппады, қаны қызды. ~ Қоржынын ердің артына, киім-кешегін шиыршықтап, қанжығаға бөктеріп қойған. Ауыздықпен алысқан жұнттай торы тыпырши жер тарпиды, жол жүруді тілеп, жұтынып тұр. Қ.Тол. ~ Жапырақтай от шарпыған, Жанып түстік, желге ұштық. Тұлпарымыз жер тарпыған, Омақасты, жер құштық. Н.Айт. ~ Қауіпті ауылға шет жағалап жақындауға бола ма? Барған жерінде жер тарпып отырған әскерлердің қолына түссе көшкелі жатқан ауылдың азаматын оңдырмайды. Ғ.Біл.