Көшіп-қонып үйренген, бармаған, көрмеген жері жоқ. ~ Сол Берікболың бір закүншік неме – ау деймін, — деп сызылды Айтқұлов. — Өзі де жер тауысқан қу болу керек. Нарынқолдан келді дей ме соны? Құдай білсін оның ар жағында қайдан келгенін… Еңбегі жанған, елге сыйымды біреу болса, көрінген жерге күл төгіп көшіп жүре ме? Қ.Жұм. ~ Аңшының айтқанындай-ақ, тура сол жерден бұрыла салып қуысқа кіріп кеткен. Күнде жүрген жері, бұл тұстың қуыс-тесігінің бәрін біледі. Көрдің бе енді, дәл сол жерге келіп тұрып алғанын. Бұл да бір жер тауысқан қутұяқ болды. Т.Мәм.
