Posted in

ЖЕР ҰТТЫ

Жүрдек жүріспен біраз жерге барып қалды, алыстап кетті. ~ Жанқожа асылып жатқан етке қарамай атқа қонды. Ауыл ендігі көшіп кетті. Соны қуып жетеді… Жол мойны ұзақ, түнделетіп жүріп, жер ұтуы керек еді… З.Шүк. ~ Қуғыннан бой тасалаған соң, орағыта жүріп, оң бағытыма ойыстым. Күн бесінге еңкейгенше тоқтаусыз аяңмен-ақ талай жер ұтсақ керек. М.Мағ. ~ Ол екеуін атып түсіргенде, дұшпан бірден ұмтылар еді, бірақ екі солдат қайта жүгіріп барып, ошарылып қалған колоннаға «Русь» деп айқайлағанша Мұрат едәуір жер ұтты. Т.Ахт.