Posted in

ЖЕР ҰШЫҚ БЕРДІ (ЖАСАДЫ)

Ұшынған адамды емдеу ырымы. Ауруды кешке күн батарда жерге аунатып, ұшықтайды. ~ Намазшамның артынан Құржаң-құржаң етеді. Жер ұшық берген кісідей, Тоңқаңдай ма, не етеді. Нәпіл түгіл намазы – Бәрі желге кетеді. Абай. ~ Ералы жалма-жан жер тізерлеп, маңдайын үш рет еденге тигізді. Соңындағы нөкері де оның істегенін істеп, жер ұшық жасағандай тұқшыңдаса кетті. Ә.Кек.