Бүлдірді, ылаң салды, шатақ шығарды. ~ Төлеш. Япыр-ай, не дейді? Құдай-ай, мына Қайша жер өртеді ғой, қайтермін? (Дәмешке.) Сәулем, сені шын жылатқан екем ғой. Қайшаның күндестігін ескермеппін ғой. М.Әу. ~ Ана белсенділер бір күні Тоқаңның өзін де бірлі-жарым қаранды ортаға сал деп қолға алады ғой. Олар жер өртемей тоқталмас — деп Жақсыбай көгерген қалын ернін бұртита, булыға сөйледі. С.Бег.
