Жалғыздық, рухани жетімдік хақында. ~ Бірақ сыңарынан айырылған жетім көңіл сүйкенер қара таппай шығанға тартып ұлыды да тұрды. Қ.Ысқ. ~ Ол ауыл көшесінің қақ ортасымен ақырын аяңдап келе жатқанын қазір сезді; сезуі мұң- ақ екен, жалғыздығы жетім көңілділігі есіне түсіп, бір түрлі жаны құлазып сала берген, ол еріксіз төңірегінен тірек іздегендей жалтақтап қалды. М.Сүн. ~ Аяулы ағаның сенен артықшылығы сағынған сайын сараланып, уақыт озған сайын тыңнан тынымсыз опық жегізетінін, тірідегі қайран аға қадіріне жетім көңіл жеткіштігін Мұхтар Әуезов денесін жерге берерде Ғабеңнің өзі айтқан еді. Неткен көреген абыз еді жарықтық!.. Х.Ерғ. ~ Осыдан екі-үш ай бұрын қалалық паркте сурет салып тұрғанда Әлібектің жүрегі кілт тоқтап, аяқ астынан қайтыс болыпты. Күтімсіз жағдай, жетім көңіл алысқа жіберсін бе, ақыры алып тынған екен. С.Жәм. ~ Детдомға апарып тапсырған інілерінің алды қатын алып, әскерге де жарады. Бірақ Мешелдің жетім көңілі жетім боп қала берді. Қ.Ысқ.
