Posted in

ЖЕТІП ЖЫҒЫЛАДЫ

Әлдебір межеге, деңгейге тақап тұр, жетіп қалды. ~ Кабинетке алқын-жұлқын кіре жұмыс мықтының жағасына жармасады. Ол итжығыс жағалас былай күндері сегіз сағатқа созылса, ай, тоқсан, жыл аяғында он, он екі сағатқа жетіп жығылады. М.Қаб. ~ Жайық жағасынан басталған көш жолында жарты Азияны алып жатқан қазақ даласын батысынан шығысына кесіп өтіп, қайын жұрты Бастаубай бидің еліне, Тарбағатай жеріне жетіп жығылыпты. Ғ.Біл.