Posted in

ЖЕТІСІП ЖҮР ДЕЙСІҢ БЕ

Өз жағдайым да оңып тұрған жоқ д.м. ~ Менен үш жас кіші, жиырма сегізде. Не бай алмады, не құдай алмады. Немене, жетісіп жүр дейсің бе. Обал – ақ. Қайтеді енді. Мұрынды кесіп тастайтын емес. Заман деген сол, шырақ… О.Бөк. ~ Қарашы, мына жерде бәрі дайын. Қуықтай екі бөлме, құнттай таза. Қартайғанда қолды жылы суға малып отырғанға не жетсін. Бертай көкем ауылда жетісіп жүр дейсің бе?» Қ.Жиен. ~ Болды, тоқтат! Мен жетісіп жүр дейсің бе? Екі жұмыста сілелеп жүргенімді көріп отырған жоқсың ба? Күннің шислосынан жаңылып қала жаздап жүргенде кредит төлейтін күн де келіп қала береді. Ж.Шам.