Posted in

ЖЕТІ АТАДАН (АТАСЫНАН) ЖАРЫМАҒАН

О бастан, арғы аталарынан өзіне шейін өмірін жоқшылықпен өткізген д.м. ~ Әй, Жәуке, сен жеті атаңнан жарымаған, қу ауыз кедей едің, бүгін келіп, аузы- мұрның қисаймай тамам ел атынан билік айтасың. С.Ом. ~ Жеті атасынан жарымаған Жаманбайдың баласы жесірімізді баса- көктеп алып кетті, сүйегімізге таңба салды, ендігі ісім сонымен түссін деп қоқиятын көрінеді. С.Ом. ~ Әйтеуір дүрлігіп жатыр дейді ғой. Әсіресе Аралбайда маза жоқ дейді. Жеті атасынан жарымаған Жаманбайдың баласы жесірімізді баса– көктеп алып кетті, сүйегімізге таңба салды, ендігі ісім сонымен түссін деп қоқиятын көрінеді. С.Ом.