Posted in

ЖЕТІ АТАДАН

а) Баяғыдан, о бастан. * Аузынан кешу алып кетер едім, Мәжнүнді көрмей өлдім, амал бар ма? Мен- дағы жеті атадан едім жалғыз, Қарағым, жазам болса, естен қалғыз. Шәк. * Екінші: өсіп – өніп Еламаннан, Шаһизада, кем болмаған төре, ханнан. Басына жеті атадан бақыт қонған, Уақытында асып өткен сан адамнан. М-Ж.Көп. * Тағдырласпын, Түздеспін құланменен. Кей кездерде түспейтін барыстан кем, Өліп кете жаздаймын намыстан мен. Жеті атадан қосылам жолбарыспен. Қ.М.Әли.
ә) Шежіре қайыру арқылы шығу тегін анықтайтын дерек; жеті атадан қосылады д.м. * Сөйтіп, бір ауылда отыратын аталас төрелес, біріне-бірі құда боп, күйеу мен қалыңдық боп, нағашы мен жиен болып, бытысып жатады. Бұған бірі қазақ арасында туып-өскен Айғанымның ұғымында – ерсілік. «Қара» аталатын қазақтар, жеті атадан бергі жерде қыз алыспайды. С.Мұқ. * Кейбір ұлттарда ұрпақ- ұлт анасы жағынан жалғасады. Ал, қазақта әке жағынан таратады. Жеті ата деген – жеті әке. Жамағат жеті атадан аспай қыз алысып, құдандалы болуға тыйым салған. Мұның бәрі ұлт қанын таза сақтаудан туған нәрсе. С.Досж.