Posted in

ЖЕТІ ҚАБАТ ЖЕР АСТЫ

А). Ауыз әдебиетіндегі ұғым бойынша жеті түрлі қабаттан тұратын жерастындағы тіршілік әлемі. ~ Алты батпан ауырды арқалаған едім. Жеті қабат жер астынан шығып, алып деген атағын естіп, астымда жатқан таумен әдейілеп келіп алысып едім, алты күн алысып, жеті күн дегенде әрең деп жығып, желкесінен басып жатырмын,—дейді. ҚЕрт. “Баб.сөзі”
Ә) Жер асты кен орыны, шахта. ~ Ол маған сол жерде қолма-қол бір-екі шумақ өлең шығарып жіберді: Кездесіп қалдық екеуміз, Жеті қабат жер асты. – деп, сол жерде құшақтасып, әңгімеміз жарасып кетті. Д.Айқынб.
Б) Түпсіз тереңдік д.м. ~ Жеті қабат жер мен көк – бәрі ғалам, Бейіш бетін көре алмас қылғысты адам. М-Ж.Көп. ~ Ғайып өлең отқа балқып сүйегі, Сөздің өңі кіреді. Жеті қабат жер астында жүрегім Нені сезді?! Өзі ғана біледі. Б.Раис.