Қазақ мифологиясының кейіпкері – Саққұлаққа тән қасиет. Білмейтіні жоқ д.м. да қолданылады. ~ Бір күні ол әкесінен бата алып, құлындарды іздеуге шығады. Іздеп күн жүреді, ай жүреді. Жолда құлағын жерге төсеп жатқан кісіні кездестіреді. — Е, жол болсын! — Жолдау өзіңізден болсын! – деп жөн сұрасып, аты-жөнін айтады. — Мен жеті қабат жер астындағы нәрсенің бәрін тыңдап білемін, – дейді тыңшы. ҚЕ. “Үш батыр”. ~ Жеті қабат жер астындағыны білетін көріпкелдігім жоқ. Қарапайым логиканың заңы. Сен маған ұқсайды екесің, ал мен жетіммін. М.Қаб.
