Көзге түртсе көргісіз. ~ Әуелгі «аттан» даусы естілгенде бар ауылдардан жеті қараңғы түнде шулап шапқан көп аттылар жайлаудың даласы мен белін азан-қазан қылып еді. М.Әу. ~ Маған төсек салмаңыз, мен бүгін жайлауға кетемін, — дедім. — Бүгінің қалай? Осы жеті қараңғы түнде ме? Б.Соқ. ~ Iштен бiреудiң:— Бұ кiм жетi қараңғы түнде тентiреп жүрген? — деп күңкiлдеген даусы естiлдi. Б.Алд.
