Posted in

ЖЕҢІЛ ЖҮРІСКЕ САЛЫНДЫ

Нәпсінің жетегінде кетті, ойнастыққа салынды. ~ Жоқ, жеңеше, қорықпа, – деді жеңгесінің не ойлап тұрғанын айтпай-ақ білген Данай күлімсіреп. Сосын жеңгесін иығынан құшақтап, басына басын сүйеді. — Ондайды ойыма да алмаймын. Жеңіл жүріске салынғаннан өлгенім артық. Н.Қам. ~ Содан да болар жаңа ғана мына қызды жеңіл жүріске салынған жолбике деп оған жирене қараған ол бір сәтте аузы ашылып, аңырап қалып еді. С.Дос.