Төсек қызығын іздеген,, нәпсіқор, жеңілтек адамға қарата айтылады. ~ Ауыл адамдарына жүрегі тас төбесіне шыға жеткізді, топырлаған ел бұл бүгінгі жеңіл жүрісті қыздардың қылығы ғой десе, әлгі бір ағайдың мемелекет саясатының салқыны ғой дегенін бұл күнде түсінді. Н.Абдыр. ~ Күйеуін кім көрінген қыз- келіншектен қызғанып, өзінен- өзі тұтанып, өліп кете жаздаушы еді. Шынында да Сақар әйелқұмар, жеңіл жүрісті адам болатын. Ү.Жәл. ~ Мұндайда не айтуға болады? Әйткенмен, бәріміз жамырай тіл қатып: – Е, бәсе, жеңгемізге не көрініпті, сіздің көзіңізге шөп салатындай. – Ондай жеңіл жүрісті әйелге ұқсамайды ғой ол кісі! – десіп, бәріміз де қуанып қалған түр байқаттық. Қ.Жұм. ~ Мен жалғызбын! Сырт көзге мен бір еріккен еркектің ойыншығымын, оның ойнасымын, әрі жеңіл жүрісті, бұзылған әйелмін! Ж.Әбд-а.
