Posted in

ЖЕҢІЛ ҚАРАДЫ

Әлдебір істің, құбылыстың маңызын түсінбеді, жүрдім-бардым қарады. ~ Бірақ ол бүгін дүниеде ешқандай қауіп-қатер жоқ сияқты жымия күлмеді. Леня Ласточкин дүниеге жеңіл қарайтын аңғал кісі емес. М.Кәр. ~ Қырмызыжан өз пікірін кейін айтар. Асықпай кеңесіп алайық. Мен білсем, шілдеханаға жеңіл қарауға болмайды. М.Әбді. ~ Көркем шығармаға тән ой қайда, мінез қайда, Адам қайда, тіл қайда? Бірі жоқ! Онда жазушы болып не керек? Жазушы деген ұғымға қалай жеңіл қарап барамыз? Д.Иса. ~ «…Қайсаровтың совет командиріне жат қылығына жеңіл қарауға болмайды. Бұған саяси мән беру керек. Т.Ахт.