А) Жеңіске қолы жетті. ~ Бұдан кейін арада елу жыл өтті. Осылайша азат халық өз бостандығын жоқтап елу жыл толарсақтан қан кешті. Ақыры дегеніне жетіп, жеңістік алды. Ж.Шәк. ~ Қытай жазбаларында айтылуынша 1733 жылы қазақ пен калмақ арасында үлкен майдан болып, қазақтар жеңістік алады. Бұл – Үмбетай жыраудың Абылайға «жиырма жасың толғанда, қалмақпен соғыс болғанда» деген кезі екенінде күмән жоқ. Ж.Шәк. ~ Бапсыз сәйгүлік қара құлақ ат бәйгеден келіп, Байтарақ балуандықта жығып, Жақсыбай Айжан деген қызбен айтысып жеңіп, құдалар жақ өнердің әр түрінен жеңістік алған. ҚАӘ.
Ә) Мерейі үстем болды. ~ Осы күні жалпақ сары байдың ауылы шабындыға ұшырап, Бөкелер жеңістік тапты. Шөкеден көз жазып қалған батыр бүгін зынданнан құтқарылып аман оралғанына ‹‹балам аман оралды›› деп ұлы кариялардың басын қосып тілеу жасады. Б.Жұм.
