Бой бермеді, ырқына көндірді. ~ Бізде бір қу бар. Сапарды айтам да. Оған салсаңыз менің әкемнің жоталы мұрны да қазақтікі емес, «америка үнділерінікі. Иә, иә, солай» деп жеңістік бермейді. М.Сүн. ~ Ара-тұра: «Еркек қатқыл болмағанда, кәйтуші еді?» — деген бір ой сап ете түскенмен, оған күдік бәрібір жеңістік бермейді. Содан бір Шәйі екіге жарылып, бірімен бірі келісе алмай жатады. Б.Нұрж. ~ Лоран мен Тереза сол сазарып барып, ықтиярсыз жымияды; қарияның мүндай дүмбілез әзілдеріне олардың бойы үйреніп алған еді. Олар ас үйде болғанда үрей мен қорқынышқа жеңістік бермейді. Э.Зол.
