а) Біреудің шығармасын көшіріп, өз атынан берді; ұрлап алды; плагиатқа барды. ~ Тоқта! «Мені елден айырған – бригадир Тасбеттің екпіні». Келмейді. Біріншіден, Махамбетке жиендік жасау. Екіншіден, бір буыны артық. Сонда қалай десем екен? Ш.Мұр. ~ Оқып көрсем, таныс нәрселер секілді. Сөйтсем, бір кезде өзі аударған Носовтың әңгімелері екен, жылдар өткен соң авторға жиендік жасап өз атына көшіріп алыпты. Қ.Ысқ.
ә) Жиендігін пайдаланып, ұнаған дүниесін сұраусыз алып кету салты. ~ Менің мына Майлы жиеніме бәсірем бар. Жиендік жасап сұрамай алып кете берсе де еркі. Кешке мал өрістен келгесін, анау көгалдағы жылқы қорадан үш жылқы ал. АҚ “Арпалыспен…” ~ Ал қайта кеттік, бұл жата тұрсын. Қайтарда аламыз. — Тағаңның үйінен барып шай ішіп қайтатын ба едің? — Жоқ, тағама жиендік жасап қайтам. — Сөз осымен бітті. Б.Қыд.
