Posted in

ЖИЕН ҚҰРЫҚ

Cалт бойынша, қазақ жиеннің меселін қайтармайды, сұрағанын береді. Сол дәстүр “Жиен құрық” деп аталады. ~ Балалары да кісі жатырқамайтын ашық жайдары екен. Жетілер шамасындағы кіші ұлы Есімбектің алдына шалжиып жатып алды. Кекіліне күміс ою салған қамшысын қызықтап: – Маған берші, – деп жабысты. – Жиен құрық, жиен құрық, – деп кеңк-кеңк күледі Жағыпар. Т.Әбд. ~ Ұршық иіріп отырған әйелі Бәтима: – Жиен құрығы несі? – деді таң қалып. – Бұларға жиен өзің емессің бе? Балаларың жиен құрықты менің төркінімнен алсын. Т.Әбд.