Posted in

ЖОЛЫНАН ҚАЛДЫ

Ойлағанын іске асыра алмады. ~ Өкімет жіберген мұғалімді жан алғыш әзірейілдей көріп кірпідей жиырылып жүргендер де бар осы елде. Өздеріңіз ойлап қараңыздаршы, ит үрді екен деп керуен жолынан қала ма? С.Ом. ~ Білмесең, енді білдің. Баланы қинамай, куәлігін қолына бер. Жолынан қалдырма. «Адамның күні адаммен» деген баба, сірә, осыны айтқан шығар. Ш.Мұр.