Біреу үшін жанын қиды. ~ Латын әліббиін аламыз деушілер сол қиялын қалай жүзеге шығарамыз дейді екен? Түрік әліббиін қалайша қалдырып, латын әліббиін қалайша жүргіземіз дейді екен? Осы күнгі азда болса түрікше сауаттылықты латын әліббиінің жолына құрбан қылып, түрікше сауатты адамдарымызды сауатсыздыққа айналдырамыз дей ме екен? А.Байт. ~ Жалғанда білгеннен соң тұрмасымды Жолыңа қылдым құрбан бір басымды. Әншейін үлгі болсын деп айтамын, Білемін жанға мойын бұрмасыңды. Шәк. ~ Сен жеңдің, мен жеңілдім, бұрын өттім, Жолыңа шыбын жанды құрбан еттім. Қолына сағынғанда қарасын деп, Белгіге жүзігімді беріп кеттім. Шәк. ~ Құдайына келеді көңілі кетіп, Шыбын жанын жолына құрбан етіп, Қажылардың ихрамды байлайтұғын, Тақалғанда орнына жаңа жетіп. М.Ж.Көп.
