Posted in

ЖОЛЫН ҚУДЫ

Әлдебір бағытты, жолды таңдады; белгілі бір істі, өнерді мақсат тұтты. ~ Сөйтіп алған келіншегі қайтыс болса да, жас жігіт Дәурен сал одан кейін әйел алмауды өзіне ант етіп қояды. Бұл махаббат жолын қуған салдардың бір өзгеше қасиеті еді. Ә.Марғ. ~ Апам бұған ойланып қалды. Дегенмен, «жасында ән салып, жиын-тойдың сәні болған» кісі енді баласының өнер жолын қуғанын жақтырмай отыр. Б.Тоғ. ~ Осы бастан мұқият оқы. Сен талағыңда битің бар жігітсің, — деді ол қоңыр көзі мейір төге, — ғылым жолын қусаң сенен бір нәрсе шығады. Т.Әбд.