Жолы болмай қойды, бағы ашылмады. ~ Адасқан адамда ақыл да, айла да қалмайды. Жолын қырсық шалған
мүсәпір ол бір. Ө.Кәр. ~ Грузин балуанын қапылыста сүріндіріп сағын сындырғаны анау. Назасы ұрған
әлгілердің. Содан да мұның жолын қырсық шалды. Өйдемеске лажы бар ма? Ө.Кәр. ~ Өзімде де бар. Тым ақ
жүрексіп. Ашылып-шашылғандар- дың айы оңынан туғыш. Соған қарағанда, әу бастан жазы- мыш маған
қырын қараған. Жолын қырсық шалғанның нақ өзімін. Ө.Кәр. ~ Жала жауып есегін олжалап кете жаздаған
әлгіден аман- есен құтылған соң, сапарын әрі қарай жалғастырды. Жолын қырсық шалып, кедергіге тап бола
берді де, бағытынан жаңылып адасайын деді. Ө.Кәр.
