Posted in

ЖОЛ АЗАБЫ

Жол-жөнекей кездескен қиындықтар, қиналыс. ~ Сіздермен Челябинскіде қоштасқан соң, Мұстафа жазып қалдырған хаттар бойынша іздеріңізден жүріп отырдым. Жол азабынан әбден қажыдым. Сонаға да, шыбын-шіркейге де таландым. Ыстыққа да, суыққа да бір Мұстафа үшін төздім. Қ.Бег. ~ Жаяулық, жалғыздық пен кешті бастан, Қатып қап қара ағаштай бала жастан. Жол азабы жоқтықпен қабаттасып, Жаңа туған айдай боп бүгілді аштан. М.Ж.Көп. ~ Ойланды бала қайтпаққа, Жол азабын тартпаққа. Қайғы түсті көңіліне, Тағат жоқ қамсыз жатпаққа. “Алпамыс б.”