Posted in

ЖОЛ (САПАРЫҢ) ОҢ БОЛСЫН!

Сәт сапар тілеу. ~ Оған жеңге саналатын бұл кісімен әлі көріспегені есіне түсіп, адымдап барып қос қолын ұсынды. – Есенсің бе, батыр қайным! Ел-жұртшылық аман ба? Ал, жол оң болсын! – деді. М.Әбд. ~ Иә, өткеннің өкінішін айтып өзегіңді өртегенмен, алғанын құдай қайтарып бермес, бар үміт – алдағы заманда… Алдағы күйді болжап, жол шеккендей түрлерің бар, сапарың оң болсын, ағайын! І.Ес.