Екі жаққа, екі салаға, екі бағытқа бөлінетін тұс. ~ Екеуі қазір ұзақ сапарға бірге аттанған екі жолаушыдай, жол айырығы кездескенде екеуі де жәй-жәйімен екі жаққа кететін тәрізді болады да турады. М.Мақ. ~ Идеология – байсалды мiнезге, пайымды пiкiрге, тұрақты көзқарасқа ие тұлғаларды да жол айырығында әнтек аттатып, бұрыс бастырып жiбередi. Т.Жұрт. ~ … сол-ақ екен оның көз алдына жол айырығына келіп тоқтап, қай жолға түскен жөн дегеннің төңірегінде ой кешіп тұрып қалатын дағдысы бар кезбе рыцарьлар елестеп кетті. М.Серв.
