А) Бір жаққа бет алып, жүріп кетті. ~ Жылап-еңіреп қайғы бүркенген бикен ертесі күйеуін және атшы, қосшыларымен төркініне жол алды. Б.Жұм. ~ Жол алды екі сабаз дара аттанып, Тобышақ тұлпар мініп қанаттанып. “Жәнібек батыр”. ~ Санжар ертесіне аудан орталығынан ең арзан пойызға отырып Астанаға жол алды. Д.Дос.
Ә) Кезек тиді. ~ Жанақ қашан жол алды Сабырбайдан, Жаманын көтереді Арғын сән ғып. Біржанды әке десе менсінбеймін, Жаратты қыз да болсам сонша паң ғып. “Біржан – Сара”.
