Posted in

ЖОЛ ЖҮРДІ (ЖҮРІП КЕТТІ )

Сапар шекті. ~ Жол жүріп алты ай бойы көз ілмедім, Ісімнің оңаларын сезіп едім. Армысың, Үбианжан, бақ иесі Сондағы іздегенім өзің едің. Б.Мом. ~ Осы сәт Омбы шаһарынан жол жүріп еліне қайтып бара жатқан Сегіз сері шыңғырған дауысты есітіп тоғайға суыт жетіп келеді. Н.Әбу. ~ Әлдеқалай ол жол жүріп кетсе, сапардан қайтып келгенше тірлікті соған қаратып, жолын күтіп отыратын болған. Б.Мом.