Posted in

ЖОЛ КӨРГЕН

Көпті көріп, өмірден тәлім алған, ысылған. ~ Қартқожа бала еді. Жаны да, тәні де әйелден таза еді. Көрмегенін көрді. Әйелмен «обалға» батты. Жол көрген, жырынды адам жырындылығын көрсетті. Қайным екен деген жоқ, күн асқан соң-ақ Қартқожаны баурай бастады. Ж.Айм. ~ Мақпал алдында “жол көрген” жігіттер екенімізді білдірмек болған әрекетіміз сәтсіздеу шықты. Қ.Қази. ~ — Әу, қайным! Өзіңді жол көрген, қала көрген, от пен суықты өткерген наркескен санасам. С.См.