Семіз, қоңды. ~ Оның өнебойы малдың жазы, қысы жайылуына еркін жететін ащылы-тұщылы от… Онда семірген мал, қазақша айтқанда «жонынан жарылады», «айғырға қарыстан артық қазы бітеді», «қошқарға сүйемнен артық сүбе» бітеді, «мал етінің асылдануы сондай, майы аузыңа салдырмайды». С.Мұқ. ~ Маңы да малдың ғажап оты екен. Көп аудан айналай жайлайды екен. Осындай жайлауда ерген мал семіздіктен жонынан жарылғалы жүр. С.Мұқ. ~ Семіз күз. Жонынан жарылардай жұмырланған даланың нағыз май шұрқан кезі. Буыны қатып, бойы нәрленген шөп-шауанның да дегенбай шабытты шағы. М.Алм.
