Posted in

ЖОНЫНАН ТАСПА ТІЛДІ (АЛДЫ)

Қамшы үйірді, өлімші қылып соққыға жықты. ~ Оқтан, оттан қайтпаған Боранқұл мынау сұмдық сөздер шабуылынан қысылып, қыстығып кетті. Мәликені жонынан таспа тіліп соғып салғысы да келіп ызаланды. Ғ.Біл. ~ Сосын енді бір ашуға оқталғанында Шардара әкімінің «егер де кім де кім сатқындық жасап, жауға берілер болса, оның жонынан таспа тілінеді» деген жарлығынан қаймығып тағы тоқтаған. АҚ “Арпалыспен…” ~ Тек, ант атқыр! Қайнағасы несі?! Шығармайтындарың жоқ- ау. Байың келсін майданнан… жоныңнан таспа алдырармын әлі… – Жонымнан таспа түгіл, жүрегімді суырып алса да келсінші, апа. М.Сүн.