Posted in

ЖОҚТАН БАР ЖАСАДЫ

Хас шеберлік танытты. ~ Кресло, дивандар былғарымен қапталған екен, бұл да тері өңдейтін шеберхананың өнімі, қай зат болмасын, жоқтан бар жасаудың үлгісі. Қ.Ысқ. ~ Әйтпесе ешкім де сені жазушы деп танымайды. Мұндайда, әрине, талантқа салмақ түсері хақ. Талант жоқтан бар жасайды. Қ.Жұм. ~ “Осы заманның адамы, − деседі ауылдастары. − Жоқтан бар жасайтын талант. Ит тек, беті ажарлы ұрғашы көрсе борап кетеді”. Н.Дәу.