Posted in

ЖОҚТАН БАР ІЗДЕДІ

Жоқ нәрсеге талпынды, босқа әуре болды. ~ Қазір осы салтты осында да бір-екі жерде көріп қалдым. Негізі, жоқтан бар іздеуге талпынғанша уақыттың сүзгісінен өткен салт-дәстүрімізді қабылдап түйсініп, салтты саралауға жұмсағанымыз жөн. Ж.Баб. ~ … әлі айтылмаған, айта алмай жүрген сағыныш саздары, ешкімге сездірмеген, іштей жасқана жасырған ұялшақ сезімнің сергелдең үні, жоқтан барды іздеген ұшпа қиял құсының қанат сусылы; мүмкін жас ботаның тәй- тәйіндей балаң дененің жұмсақ дірілі… жұмсақ дірілі… жасқана ән салуы… тәңірім- ау, ұлы тыныштықты бұзған осы үн екен- ау, оны қайдан білген! О.Бөк.