Барға қанағат д.м., жоқтан жақсы. ~ Осы немені-ақ тайраңдатып қойды. Көп бұлғаңдата бермей бір сілкіп алса, жүні жығылып, өз-өзінен шөкімденіп қалар еді- ау. Қабекең де кім- көрінгенді жоқтан бар қылып қолпаштай береді. С.Смат. ~ Бүгін де «Шабандоз қыз» фильмі көрінеді. Осымен, мен ұмытпасам, төртінші рет қойылмақшы. Жоқтан бар. О да болса шүкіршілік. Ертұрлы керілдесіп жүр: «Оңбағансыңдар… Топас немелер… Бізді өмір жаңалықтарын көрсін демейсіңдер. М.Сүн. ~ Аяқ киімдері де қандай нашар. Қалың ұлтандай боп көң, теріге айналған балалардың жалаң аяғы өз алдына, үлкендердің кигені де әйтеуір жоқтан бар. С.Жүн.
