Мүлдем жоқ деуге болатындай. ~ Есік алды – көшені қақ жарған тас жол еді. Машина атаулы күндіз де сирек жүреді, ал түнде жоққа тән болатын. М.Мағ. ~ Аягөздегі партия комитетінің жұмысы да жоққа тән. К.Сег. ~ Кім көрінгенге сенеді. Өзін әркім талай алдап кетсе де, сенуін қоймайды. Ондай саппасты таппассың. «Менікі, сенікі» деген сезім Әмірқанда жоққа тәндік еді. Есімде бар, бір шілдеханада менің қасыма бір келіншекті отырғызды. Құлағыма сыбырлады: «Қапы қалма, айналдыра бер» – деді. Ж.Айм.
