Posted in

ЖОҚТАН ӨЗГЕ

Не болса сол. ~ Анда-санда байдың, бəйбішенің көзі түсіп: «Пəленшеге ол атты неге бердің» дегенде: «Содан қолайлы аттың реті болмады, таң асырып жіберейін деп ем, жылқы өріп кетіп, өзге аттың жөні келмей қап еді» деп жоқтан өзгені сылтау қылып жұбата беруші еді. Ж.Айм. ~ Мына шофер сол егінге су беретін диқандарды алыс учаске — жер түбіндегі «Қараойға» алып бара жатыр. Жоқтан өзгені сылтауратып, жолдан қалдырғанның жөні жоқ. М.Қаб. ~ Қатты ашуланған кезде есі ауып, талып қалуы да мүмкін. Одан басқа ұмытшақтық, жаңғалақтық, орынсыз көп сөйлеушілік, балаша жоқтан өзгеге сене салатын аңғалдық… Қ.Жұм. ~ Қанат пен Рәуіш, қылмыстары болмаса да, жоқтан өзгеге қипақтап «ұят істеп алып ек, кешір» дегеннің ишаратын мінездерімен көрсетіп тұрған секілді. Ғ.Сл. ~ Кішкене арбасудан кейін Шойқара бәрін қойып жөнге көшті. Енді әңгіме жараспағанда айтылатын «жоқтан өзгеге» жол тиді. Б.Қыд.