Posted in

ЖОҚТАН БАРДЫ (АЙТТЫ)

Не болса соны (айтты). ~ Подносқа бөтелкемен арақ толды, Бір- екі жақсы рюмке дайын болды. Жоқтан барды сөйлесіп, сауқым салып, Алысты пияланы оңды- солды. Абай. ~ Арба астындағы көлеңке қоян тұлағындай қусырылып, шаңқай түс бола Иранбақ кіресін жолға салды. Жоқтан барды жырдай қып, Лексей Лексеичті жібермеп еді, қаладан шыта бере тағы тоқтады. Қ.Ысқ. ~ Марғуаның шайын аңсадық қой деп келетіндері бар. Марғуада шай беретіндей қандай күй болсын? Жоқтан барды құрастырып, дастарқан жайғансиды. Оның жүдеулігіне өзі қысылып бітеді. Ш.Бей.