Posted in

ЖУАН ЕЛІ

Еліден гөрі жуандау д.м. ( Қазақы өлшем). ~ Жер ошақтағы сүт түсірусіз тұра берді, қазанның бетіне жуан
елі сары қаймақ сіресті. Басқа кезде Шәрипа мұндай күйіп отырса, Ұлбосын “апалап” қасынан шықпас еді, бүгін маңына бір келмеді. Б.Майл. ~ Жан бар шығар өзінде толық қорап, Алған емес ешкімнен сатып, сұрап. Тұра сала шын темір жуан елі, Білегіне шырмады бұрап-бұрап. М.-Ж.Көп. ~ Өзіне бұйым емес оны-мұның, Бойына шақ келмейді айтқан шының. Тақтайдан жуан елі көпір жасап, Астында шалқасынан жатты соның. М.-Ж.Көп.