Қыстан жаңа шығып, көкке әлі жетпеген, қысқы азық таусылып, жаңаға әлі ерін тие қоймаған қиын-қыстау шақ. ~ Көкөзегім ақырған аязда бүйенге салып сақтап, көктемгі көз қарайған қара өзекте шайға сапырып салатын сары майым ғой. Жуан жіңішкеріп, жіңішке үзілген шақта талай құтқарған ол құтқанама қыста мал түсірмеймін. М.Қаб. ~ Ертеде екі жолаушы жігіт бір сараң байдың үйіне келіп қоныпты. Бай үйі: — Күн жаз болды, жуан жіңішкеріп, жіңішке үзілді, қара-өзек шақ, жігіттер су-суан ішіп жатпастарыңа болмас, — деп, оларды қара шаймен қатырыпты. ҚАӘ. ~ Көктемнің лайсаң, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілген, кішінің ұлымасы, үлкеннің сұламасы болатын, жылдай ұзақ күнінде ауыз жылытуға әркім ақ бейіл. Б.Қыд.
