А) Билігі, өктемдігі зор озбыр адам. (20 ғ. жиырмасыншы жылдарындағы тап күресіне сай ұғым бойынша “бай-құлақтар” яки Сәбет үкіметіне қарсылар.) ~ Тағы да еңбекшілерді тап күресіне шақырамыз; əйелдер теңдігіне арнап жазамыз. Жастарды оятамыз, жұртты оқуға үндейміз. Байды, жуан жұдырықты түйрейміз… Ж.Айм. ~ Ондай қанды балақ жуан жұдырықты топтан аластау мына сендер сияқты жаңа заман азаматтары сендердің міндеттерің. С.Бег. ~ Жарлы-жалшы бұрынғы қанаушы, отаршы, саудагер, жуан жұдырықты қонысынан аударып, артық мал-мүлкін бөлісіп алған. І.Жан. ~ Биылдан бастап Бойковқа да, басқа жуан жұдырық байларға да ұлтарақтай жер бермейік, алда– жалда күш көрсетіп қоқаңдаса, қаймықпай жұмыла қарсы тұрайық… С.Ом.
Ә) Ұр да жық, сотқар. ~ Шырақ, көзге түрткі болмай жөніңді тапсаң қайтеді? — деп жуан жұдырық бірі Балтаға төніп келді. Сүзетін бұқадай иегін омырауын тесердей кеудесіне тіреп, көздерін қабақ астынан шатыната қадап алыпты. С.См. ~ Соғыс біткесін, он жыл, он бес жыл кейін де жанжалқой, жуан жұдырық жігіттер мен мұжықтарды деревня тұрғындары: «Тағы бір Алеша Звонников пайда болды»— деп айтып жүретін. В.Расп.
