Қырып тастады. ~ Жүз мың садақты жеті жүз мың садақ бір-ақ сәтте жусатып салмай ма? С.Дос. ~ Темірдің аламандарына аттарымен бастырмалата жетіп келіп, сойылмен қасқыр ұрғандай, заматта қарақшыларды жусатып салды. І.Ес. ~ Қаша жүріп, жансебіл ұрыс салған әскерінен қалған соңғы бес жүз жауынгерді манаптар әзірлеген қара-құрым жасақ әп-сәтте жусатып салып еді. С.Әб.~ Осы ұрыста Жәлелдің пулемет взводы немістердің жиырмалаған солдаты мен офицерін жусатып салды. С.Сей.
