Posted in

ЖУЫП-ШАЙДЫ

Әлдебір жағдайды, әңгіме барысын жеңілдеткісі, жылы жапқысы келді. ~ Тананың қабағы шытыла қалды: — Аузыңа бір жөні түзу мамандық та түспеді-ау. Сәлима ұлы мен келінінің арасындағы жағдайды жуып-шайды: — Бастық болады ғой, ұлдарың дәу бастық болып отырады. Үй іші қайтадан жайма-шуақтана қалды. Ғ.Қож. ~ Әйтсе де әлгі Шәкейдің сөзі Бақтыбайға ретсіздеу тиді ме, «ит те болса көктабан дегендей, Ақтоқтының әкесі ғой» деп әңгіме бетін басқаға аударып, жуып-шайғысы келді. С.Жүн. ~ Сауытбектің қатыны тіс қаққандығын қылып, біз бір-екіден неше үй бөліп аламыз,— деп жуып-шайды. Ешкім жоқта кешкілікте келіп ал деп едім, жетпеген ел әңгіме қылатын болды деп сатушы да көп-көрім сөйлеп қалды. К.Рах.