Posted in

ЖЫЛАМАҒАН БАЛАҒА ЕМШЕК БЕРМЕЙДІ (ЖОҚ)

Өз мүддеңді қорғай біл д.м. ~ Бабын білсе Жетісу жерінде көктемейтін, өнім бермейтін жер жоқ. — Өте дұрыс сөз. Жетісу малдың майлы құйқасы сияқты құнарлы жер. Тек еңбек сіңіру қажет. «Жыламаған балаға анасы емшек бермейді» деген өте рас сөз. С.Бақ. ~ Осы жауапты мен естігелі қанша жыл өтті. Өзің ұмтылмасаң болама. Есіңде болсын, жыламаған балаға емшек бермейді, – дегенді естіген шығарсың. С.Дос. ~ “Иә-ә-ә, итермесең оталмайды, ұрламасаң қарын тоймайды. “Жыламаған балаға емшек жоқ” деп іштей ширыққан Сөкіш өзіне-өзі “нар тәуекел, бару керек!” деп шешті. Е.Қон.