Жолшыбай кездескен үйге түней жүрді. ~ Шабыным деп бір, егінім деп екі бөгеп, қарашаның дауылымен
таластырып қойғаның мынау! Жыла қонып, ендігі жылы орныма да жететін едім. Қ.Ысқ. ~ Бір қызығы, осы ауылда
бұлар ойда- жоқта Қилыбаев пен кездесіп қалды. Оның да салт атпен жыла қонып, жайлау аралап жүрген беті екен.
Қ.Жұм. ~ Кеше ғана жол бойы гүл теріп, жыла қонып жетіп едік, (әсіресе көзден де, көңілден де кетпейтін көктемнің
шуағы, көк жүзінде қалықтаған бозторғайдың шырылы) ертеңгісін тұрсақ Саркемерді қар басып қалыпты. Қ.Ысқ. ~
Жаңабай жыла қонақтап келе жатыр. Екі баласы жаяу. Қатынымен екеуі арбада. Ж.Айм. ~ Iнiмiз екеуiмiз екi жақсы
атыңызды мiнiп алып, қалың қазақтың iшiне сiңiп кетсек, қайдан табар едiңiз? Ат тұяғы келе алған жерге ат тұяғы
жете алатын, ел жағалай жыла қонақтап жүре берсек туған Едiлдi де табатын едiк. К.Сег. ~ Асықпай жыла қонақтап
барымташы – жаулаушылар үш күннен кейін Бегедай сұлтанның ақ ордасының үстіне ошарылып кеп түсті. Ж.Сәм. ~
– Бес мың жақсы сәйгүліктер мәленге байланып шекарадан шекараны асып кетіп жатса да жаз жайлы, ел іші кеніш,
қайтарда өзіме тақым артар бір қылқұйрық табылып қалады, асықпай жыла қонақтап жетермін. Жедел жет десең
түнгі салқынмен аттанып кетейін. Ш.Рах.
