Қаһар төге зәрленді. * Басында елтірі бөрік, шалбарсыз, ұзын желең айқара жамылып, сұстанып, жыландай ысқырып, шал молда балалардың зәресін алып отыр. А.Байт. ~ Шалқарда түрмеде жатқан Еламан мен Райға бара алмағаны жанына батып, ызасын кімнен аларын білмей, от басындағы бала-шағаға жыландай ысқырып отыр еді. Ә.Нұрп. * Күз көшке әзірленбеген ауыл, урядниктің жыландай ысылдаған ызғарымен, мылқау өрттің лебіне шыдамай қонысынан қозғалғанмен, тез жиналып кете алмады. С.Мұқ.
