Әккі қу, арамза, залым. ~ Қап, әттеген-ай! Кәпірлер қашан шындығын айтушы еді. Олар жыланның аяғын көрген аяр қауым ғой. Ж.Шәк. ~ Оп-оңай. … Бәріне де жазып қоямыз деп, аты-жөнін білсек, арғы жағы белгілі… Компьютер заманы, өзі-ақ айтып береді. — Әй, жыланның аяғын көрген адамсың… А.Алт.
